Шымкенттің бұрынғы әкімі Ғабидолла Әбдірахымов жаңа қызметке тағайындалды
- автор Томирис Тоныкөк
- 9 қаңтар, 2026
- 18
Шымкенттің бұрынғы әкімі Ғабидолла Әбдірахымов «Самұрық-Қазына Констракшн» АҚ-ның операциялық қызмет жөніндегі басқарма төрағасының орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Бұл ақпаратты қордың баспасөз қызметі растады. Ғабидолла Әбдірахымов жаңа қызметіне 2025 жылғы 29 желтоқсанда кіріскен.
Компанияның әлеуметтік желідегі ресми парақшаларында бұрынғы әкімнің Түркістан облысында салынып жатқан бу-газ электр станциясының құрылысына жасаған жұмыс сапарынан бейнежазбалар мен фотосуреттер жарияланды.
Айта кетсек, бұған дейін Ғабидолла Әбдірахымов Мәдениет және спорт министрінің орынбасары қызметін атқарған. 2021 жылдың күзінде мемлекеттік қызметтен кеткен болатын. Ол бірқатар резонансты даулар арқылы қоғам назарына іліккен. Атап айтқанда, 2019 жылы Лондоннан тараған бейнежазба мен Арыс қаласындағы наразылық кезінде айтқан мәлімдемелерінен кейін қызметінен босатылған еді.
Ұқсас жаңалықтар
Тоқаев Парламенттік реформа жөніндегі жұмыс кеңесін өткізді
- авторТомирис Тоныкөк
- 6 қаңтар, 2026




