Алматы маңындағы жол апатынан үндістандық студенттер қаза тапты: тағы біреуі ауруханада көз жұмды
Томирис Тоныкөк
Қазақстанда оқитын үндістандық студенттер жол апатынан көз жұмды.
Алматы - Бішкек тас жолында болған жол апатының салдарынан тағы бір үндістандық студент көз жұмды, деп хабарлайды KYN.KZ Қазақстандағы Үндістан елшілігіне сілтеме жасап.
Бұл туралы Қазақстандағы Үндістан елшілігінің Instagram желісіндегі парақшасында хабарланды.
"Рахул Ядавтың (2001 жылдың 13 наурызында туған) қайтыс болғанын қайғыра хабарлаймыз, ол 2026 жылдың 6 қаңтарынан бері жол апаты салдарынан жансақтау бөлімінде жатқан еді, бүгін таңертең қайтыс болды. Оның денесін отанына жеткізу бойынша шаралар қабылданып жатыр", - делінген жазбада.
Елшілік өкілдері көз жұмған тағы екі үндістандық студент Каран Пармар мен Риширадж Байраттың денелері бүгін Үндістанға жіберілгенін мәлімдеді.
Еске салсақ, 8 қаңтарда Алматы облысында үндістандық екі студент жол апатынан көз жұмғанын хабарлаған едік.
Алдын ала мәлімет бойынша, Toyota Alphard көлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, көлік аударылып кеткен. Салдарынан жүргізуші алған жарақаттарынан оқиға орнында қайтыс болды. Кейінірек екі жолаушы медициналық мекемеде қайтыс болды, ал тағы үшеуі түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылған болатын.