Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Қаңтар ҰБТ-сы басталды

Қаңтар ҰБТ-сы басталды
tengrinews.kz
Талапкерлер өтініш беру барысында тестілеу күнін, уақытын және пунктін өздері таңдады.

Бүгін қаңтар айында өтетін ҰБТ басталды, ол 10 ақпанға дейін жалғасады.

ҰБТ-ға қатысуға 187 мыңға жуық адам өтініш берген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 20 мыңға көп. Олардың 75,2%-ы қазақ тілінде, 24,6%-ы орыс тілінде, 189 адам ағылшын тілінде тестілеуден өтуге өтініш білдірді.

Талапкерлер өтініш беру барысында тестілеу күнін, уақытын және пунктін өздері таңдады.

Ең көп таңдалған бейіндік пәндер комбинациясы:

"Математика-Физика" - талапкерлердің 19,2%-ы;

"Биология-Химия" - 16,9%-ы;

"Шығармашылық емтихан" - 9,7%-ы таңдаған.

Тест тапсырушылар тестілеу аяқталғаннан кейін 30 минут ішінде апелляцияға өтініш бере алады.

2026 жылы Ұлттық бірыңғай тестілеудің форматы өзгеріссіз қалады. Талапкерлер үш міндетті пәнді және таңдауы бойынша екі бейіндік пәнді тапсырады. ҰБТ тапсырмаларының жалпы саны – 120.

Тестілеу уақыты – 4 сағат (240 минут). Бұл ретте ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін ұсынылатын қосымша 40 минут уақыт сақталатынын айта кету керек.

Айта кетері, қаңтардағы ҰБТ-ға шартты түрде ақылы негізде күндізгі оқу нысаны бойынша жоғары оқу орындарына қабылданғандар, шығармашылық ББТ-дан ақылы негізде басқа дайындық бағыттарына, педагогикалық бағытқа ақылы негізде ауысқысы келетіндер, өткен жылғы мектеп және колледж түлектері, ҚР азаматы болып табылмайтын ұлты қазақ тұлғалар, шетелде білім алған ҚР азаматтары, сондай-ақ мектеп бітіретін түлектер жоғары оқу орындарына ақылы негізде түсу үшін қатысады.

Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар