Мәдениет

Блогер Қайсар Қамзаға іздеу жарияланды

Танымал қазақстандық блогер іздестіріліп жатыр.

Танымал блогер Қайсар Қамзаға ресми түрде іздеу жарияланды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарының порталында жарияланған мәліметке сәйкес, 1995 жылғы 18 қыркүйекте туған Қамза Қайсар Бақытжанұлы 2024 жылдың 10 қаңтарынан бері іздестірілуде. Іздеу шараларын Қаржылық мониторинг агенттігінің Астана қаласы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті жүргізіп жатыр.

Қазіргі уақытта қылмыстық істің нақты мән-жайы мен айыптау бабы ресми түрде жарияланған жоқ.

Айта кетейік, Қайсар Қамза – әлеуметтік желілерде кеңінен танымал блогер. Оның Instagram парақшасында 2,6 миллионнан астам оқырманы бар, ал TikTok-тағы жазылушыларының саны 340 мыңнан асады. Өзін тревел-блогер ретінде таныстыратын ол көбіне шетелдерде жүріп түсірілген контент жариялап келеді. Сонымен қатар, блогер бірқатар отандық фильмдерге де түскен.