"Жауын-шашын, көктайғақ": Қазақстанның бірнеше өңіріне ескерту жарияланды
Еліміздің бірнеше өңіріне ауа райына байланысты ескерту жасалды.
Синоптиктер 12 қаңтарға арналған ауа райы болжамын жасады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
"Қазгидромет" РМК елдің бірнеше өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады.
Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақыттарда тұман күтіледі. Қонаевта түнде және таңертең тұман күтіледі.
Алматыда түнде және таңертең тұман күтіледі.
Атырау облысының солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Атырауда түнде және таңертең тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с.
Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Оралда түнде және таңертең тұман күтіледі.
Ақмола облысында қар, бұрқасын, көктайғақ, күндіз облыстың шығыс жартысында қар, бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с, күндіз облыстың шығысында кей уақыттарда 25 м/с. Көкшетауда түнде және таңертең қар, жаяу бұрқасын, жолдарда көктайғақ күтіледі. Батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
Ақтөбе облысының солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде тұман, көктайғақ күтіледі. Ақтөбеде тұман күтіледі.
Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында қар, бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын, көктайғақ, облыстың шығысында қатты қар күтіледі. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында 15-20, екпіні 25 м/с. Өскеменде түнде қар, бұрқасын күтіледі, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.