Спорт

Допинг дауына қалған Жәнібек Әлімханұлы ісінің қорытынды тыңдалым күні белгілі болды

Кәсіпқой боксшы, әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлына қатысты тыңдалым өтетін уақыт белгіленді.

Қазақстандық кәсіпқой боксшы, әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлына қатысты допинг ісі бойынша негізгі тыңдалымның уақыты белгілі болды, деп  хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Аталған іс бойынша қорытынды отырыс 19 қаңтар күні өтеді.

Кәсіпқой бокс федерациясының президенті Рахимжан Ерденбеков айтуынша, процестің әділ өтуі үшін сабыр сақтап, ресми шешімді күту қажет.

Федерация өкілдері істің қаралуы қолданыстағы ережелерге, әділ сот қағидаттарына, спортшының кінәсіздік презумпциясына және халықаралық антидопинг талаптарына толық сәйкес жүргізілетінін мәлімдеді.

Сондай-ақ, ұйым спорттағы адалдықты сақтау, спортшылардың заңды құқықтарын қорғау және тәуелсіз институт ретінде жауапкершілікпен жұмыс істеу ұстанымынан айнымайтынын жеткізді.