«Менің балаларымның әжесі болып жүре бер»: Мақпал Жүнісова қызы анасын туған күнімен құттықтады
Мақпал Жүнісованың қызы анасын туған күнімен құттықтап, жазба жариялады.
Қазақстанның Халық әртісі, әнші Мақпал Жүнісова 11 желтоқсанда туған күнін атап өтті, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Бұл туралы Мерей Заманбекқызы әлеуметтік желідегі парақшасында анасын құттықтады.
“Жаным, анашым. Әрқашан жаныңдамын, сен де менің қасымда болып жүре бер. Бәрі айтып жатқандай, ертең мен күйеуге шығып, бала туып, сен соған куә болып, менің балаларымның әжесі болып жүре бер. Қуаныштымын. Бұл мен қалайтын болашақ. Сені өте қатты жақсы көремін, сіздей анам бары үшін Аллаға мың алғыс”, – деді ол.
Желі қолданушылары да өнер иесін құттықтап, жылы пікірлер қалдырды.