Әскери қызметшілердің жалақысы өседі
1 қаңтардан бастап әскери қызметшілердің жалақысы артты.
Қорғаныс министрлігі әскери қызметшілердің жалақысы өсетінін жариялады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Ведомство мәліметінше, офицерлердің және қатардағы және сержанттық құрамның жалақысы өседі.
"2026 жылғы 1 қаңтардан бастап еңбекақы төлеудің жаңа жүйесі аясында жалақыны арттырудың екінші кезеңі іске асады. Яғни, офицерлер үшін тағы 23 пайызға, ал қатардағы және сержанттық құрам үшін бірінші кезең деңгейінен 10 пайызға өсіру көзделген", - делінген хабарламада.