Қоғам

Oreo печеньесінде зиянды зат бары айтылған хабарлама тарады: өнім тексерістен өткізілді

Oreo печеньесінің құрамына қатысты тексеріс жүргізілді.

Әлеуметтік желіде Oreo печеньесінің құрамына қатысты хабарламада тарады. Ол жерде печеньенің кремді салмасы орнына «артерияны бітейтін пластикалық желім қолданылған» делінген, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Осыған байланысты Қазақстан Денсаулық сақтау министрлігінің Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті өнімді тексерді.

Комитеттің мәліметінше, мұндай өнім Еуразиялық экономикалық одақ аумағына тек микробиология, токсикология және таңбалау талаптарына сәйкес келген жағдайда ғана кіргізіледі. 2025 жылы санитарлық бақылау аясында Oreo печеньесінің үлгілері зерттелді. Лабораториялық сараптама нәтижесінде техникалық регламенттерге сәйкес келмейтін ешқандай көрсеткіш анықталмады. Барлық үлгілердің таңбалануы талаптарға толық сәйкес болған.

Сонымен қатар, Nestle компаниясы Қазақстанда балаларға арналған азық-түліктің шектеулі партияларын қайтарып жатқанын мәлімдеді. 2026 жылдың 5 қаңтарынан бастап балалар тағамының белгілі бір партияларын ерікті түрде қайтарып алу шараларын бастады.