“Емге кетіп, емшіні төртінші әйел қылып алды”: Омар Жәлелдің екінші әйелі оны сотқа бермек
Омар Жәлелдің екінші әйелі оны адамның тағлырымен ойнағаны үшін сотқа берді.
Танымал абайтанушы Омар Жәлелдің екінші әйелі бұрынғы күйеуін сотқа берді. «Әңгіме бар» бағдарламасына берген сұхбатында оның бір жылдан бері балаларына хабарласпағанын айтты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Ләззат Мыраштың айтуынша, олар некелескеннен кейін Омар Жәлел бірінші жұбайынан туған ұлын үйлендірген. Алайда алғашқы жүктілік кезеңінде екі әйелдің қарым-қатынасы ушыға түсіпті.
«Білуімше, ол кісі төрт рет үйленді. Мен екінші жұбайымын. 2019 жылы Стамбулға келіп, сол жақта ұсыныс жасап, бірінші әйелінің рұқсатымен деп айтты. Омардың бірінші жұбайынан екі ұлы бар. Мен бала көтергеннен бастап бірінші әйелі күндестік таныта бастады. «Қайдан келдің сол жаққа кет» деді. Мен Астанада әйелдерге психологиялық семинар ұйымдастырып жүрдім. Сол жаққа келіп, аяғым ауыр кезде «Омекеңе үшінші әйел алып бердім» деді. Алған үшінші әйелін Ақтаудан көшіріп әкелді. Ол әйелді ағайын-туыспен таныстырған, үлкен ұлының тойына шақырған. Үйіме Омар бірінші және үшінші әйелдерімен келіп «Түркияға кет» деді. Қалай алып келдің солай апарып таста дедім. Мені Кайсериге апарды», — дейді ол», – дейді ол.
Біраз уақыттан кейін Омар Жәлелдің үшінші әйел алғанын естіген. Ендігіде ол сотқа жүгінетінін мәлімдеді.
«Менің тағдырыммен ойнады. Менен кейін тағы екі әйел алды. Адамның тағдырымен ойнағаны үшін сотқа беріп жатырмын. Бірінші баладан кейін мені қуып жіберді. Қызым 4,5 ай болғанда Омар келді, кешірім сұрады. Ковид басталып кетіп, Түркияда қалып қойды. Сол уақытта екінші баламыз туылады. Елге келіп менің ата-анамның алдынан өттік. Қайтадан Түркияға кеттік. Ол жақта Омардың асқазаны ауырып, елге барып емделемін деп кетіп, емші әйелді төртінші әйел қылып алды», — дейді Ләззәт Мырзаш.