Қоғам

«Сталкер болған»: Шымкентте пышақтап кеткен 21 жастағы қыздың ағасы күдікті туралы ақпаратпен бөлісті

Шымкентте кісі қолынан қаза тапқан қыздың ағасы күдікті туралы айтты.

Шымкентте кісі қолынан қаза тапқан 21 жастағы студент қыздың ағасы Сұлтан Серікбай әлеуметтік желіде қазақстандықтарға үндеу жасады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

«Есімім Сұлтан, 11 қаңтарда пышақтап өлтіру жайлы оқиғадағы қыздың туған ағасы боламын.Шынымызды айтсақ қан жылап отырмыз.Біз әр жаңалықты оқып отырамыз, қолдау көрсетіп жатқан жандарға рақметімізді айтамыз.Қазір біздің қолдан тек сол адамға максималды жаза беру ғана қолымыздан келеді. Қысқаша айтқанда менің қарындасым ең ақылды, сабырлы, тұйық, жуас қыз болғандықтан барынша басынған. «Жоқ» деген сөзді түсінбеген. Сталкер болған», - дейді ол.

Ол сот процесінің әділ өтуін талап етеді.

 «Қазір бізге артық сөз сөйлеуге, жазуға болмайды өйткені кейін арғы жақтың адвокаттары тырнақ астынан кір іздейді. «Сот процесі» әділ өтеді деген сенім бар. Бәрімізге сабыр мен жүрек тыныштығын берсін», - деп жазды Сұлтан Серікбай.

Еске салсақ, қызды пышақтап өлтірген  28 жастағы адам ұсталып, тергеу изоляторына қамалды.