Саясат

Ерболат Досаев жаңа қызметке тағайындалды

Ерболат Досаев «Бәйтерек» ұлттық инвестициялық холдингі» АҚ директорлар кеңесінің құрамына енді.

Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары Ерболат Досаев «Бәйтерек» ұлттық инвестициялық холдингі» АҚ директорлар кеңесінің құрамына енді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Қазақстан қор биржасында (KASE) 13 қаңтарда жарияланған құжатқа сәйкес, холдингтің директорлар кеңесінің жаңа құрамы 26 желтоқсанда бекітілген.

Директорлар кеңесінің төрағасы болып Премьер-министр Олжас Бектенов тағайындалды. Кеңес құрамына сондай-ақ бірінші вице-премьер Роман Скляр, Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин, Ерболат Досаев, Қаржы министрі Мәди Такиев және Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев кірді.

Басқарма төрағасы қызметінде Рустам Қарағойшин қалды.

Айта кетейік, Ерболат Досаев бұған дейін, 2016–2017 жылдары, «Бәйтерек» холдингінің басқарма төрағасы қызметін атқарған.