«23 градусқа дейін аяз»: еліміздің 11 өңіріне ауа райына байланысты ескерту жасалды
Ауа райы бұзылып, кейі өңірлерде аяз болады.
Қазақстанның 11 өңірінде ауа райы бұзылатыны хабарланып, ескерту жасалды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
"Қазгидромет" РМК болжауынша, кей өңірде ауа температурасы күрт төмендейді.
Атырау облысының батысында, солтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Көктайғақ. Облыстың солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын. Облыстың батысында, оңтүстігінде тұман. Атырау қаласында 14 қаңтарда кей уақыттарда тұман, көктайғақ күтіледі.
Астанада түнде және таңертең тұман. Жолдарда көктайғақ күтіледі.
Маңғыстау облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі. Күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында тұман күтіледі.
Семейде ауа температурасы түнде 21-23 аязға дейін күрт төмендейді.
Абай облысының оңтүстігінде, орталығында аздаған қар, тұман күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстік-батысында, шығысында, орталығында жаяу бұрқасын күтіледі.
Өскеменде ауа температурасы түнде 18-20 аязға дейін күрт төмендейді.
Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде қар, облыстың солтүстігінде, шығысында аздаған қар, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында аздаған қар күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, орталығында жаяу бұрқасын күтіледі.
Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында жаяу бұрқасын күтіледі.
Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман күтіледі.
Қарағанды облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Қарағандыда кей уақыттарда тұман күтіледі.
Қостанай облысының оңтүстігінде жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман.
Түркістан облысының солтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі.
Батыс Қазақстан облысының батысында көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі. Оралда түнде және таңертең тұман күтіледі.
Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде қар, бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі. Оралда түнде және таңертең тұман күтіледі.
Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында тұман, көктайғақ күтіледі. Қызылордада кей уақытта тұман күтіледі.
Жетісу облысының шығысында, орталығында, таулы аудандарында кей уақыттарда тұман күтіледі. Талдықорғанда түнде және таңертең кей уақыттарда тұман күтіледі.
Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Жолдарда көктайғақ күтіледі. Көкшетауда 14 қаңтарда жолдарда көктайғақ күтіледі.
Атырауда күндіз тұман, көктайғақ сақталады.