Басты жаңалықтар

Ораза – 2026 жыл: діни мерекелер кестесі бекітілді

Елімізде Оразаның қашан басталатыны белгілі болды.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы биылғы діни мерекелер кестесін бекітті, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Оразаның алғашқы күні ақпанның 19-ына сәйкес келіп отыр.

Ал наурыздың он алтысынан он жетісіне қараған түні барша жамағат қасиетті Қадір түнін қарсы алмақ. Сөйтіп 30 күн бойы ауыз бекіткен мұсылман қауымы 20 наурызда Ораза айт мейрамын тойлайды.

Ал Құрбан айт мерекесінің алғашқы күні мамырдың 27-сі деп жоспарланып отыр.

Айта кетейік, діни басқарма өкілдері айдың тууына байланысты бұл күндердің бір күн алға немесе кейін жылжуы мүмкін екенін ескертті.