Қоғам

Атырау облысында отбасының жоғалуы: полиция күдіктінің қайда екені белгілі болғанын мәлімдеді

Ерлі-зайыптыны өлтірді деген күдіктінің қайда екенін белгілі болды.

Атырау облысы полициясы ерлі-зайыптыны өлтірді деген күдікке ілінген Сұлтан Сәрсемәлиев пен оның әйелі Ақбаянның Өзбекстан арқылы Қазақстан шекарасынан өткенін мәлімдеді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі. 

Полиция мәліметінше, негізгі күдікті Сұлтан Сәрсемәлиев халықаралық “қызыл деңгейдегі” іздеу тізіміне енгізілген. Ақбаян із-түзсіз жоғалған адам ретінде іздестіріліп жатыр.

“Біз олардың қайда екенін білеміз. Қазір тиісті халықаралық рәсімдер жүріп жатыр және жақын арада тұтқындалуы мүмкін”, – деп хабарлады полиция.

Құқық қорғау органдары Ақбаянның денсаулығында мәселе бар екенін растады. Бірақ оны заңды түрде әрекетке қабілетсіз деп тану туралы ресми сот шешімі шығарылмаған және бірінші топтағы мүгедектік тағайындалмаған.