Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Коуч Сабырбек жұрт алдында ерекше ананың тым кәрі көрінетінін айтып, ел ашуын туғызды (ВИДЕО)

Коуч Сабырбек жұрт алдында ерекше ананың тым кәрі көрінетінін айтып, ел ашуын туғызды (ВИДЕО)
Инстаграм
Көпшілік психологтың әрекетін, жанына қолдау іздеп келген жалғызбасты ананы қорлау деп баға беруде.

Желіде коуч Бақытбай Сабырбек  өз парақшасында жариялаған видеосы кеңінен таралуда. Бейнежазбада ол ерекше қажеттілігі бар баланың анасымен әңгіме барысында орынсыз әрі қорлайтын пікірлер айтқан. Бұл жағдай желі қолданушыларының қатаң наразылығын тудырды.

Коуч әңгімені әйелдің жасын сұраудан бастайды. Әйел өзінің 38 жаста екенін айтқан кезде, Сабырбек:

«Апа! Мен сізді шамамен 48 жаста деп ойладым. Сіз қатты шаршағансыз. Қараңызшы, 42 жастағы, алты баласы бар әйелдер бар, бірақ олар шамамен мен сияқты көрінеді. Неге өзіңізге күтім жасамайсыз?» – деп жауап берген.

Әйел ерекше қажеттілігі бар баланы тәрбиелеп отырғанын айтқан соң, коуч баланың дамуына қатысты сұрақ қояды:

«Бұл бала неге дамымай жатыр деп ойлайсыз?»

Анасы бұл сұрақтың жауабын ұзақ уақыт іздегенін, баласымен жылдар бойы ауруханада жатқанын, оған бар назарын арнағанын, соның нәтижесінде баланың өзін танып, құшақтай бастағанын, алайда әлі сөйлей алмайтынын түсіндіреді.

Осыдан кейін Сабырбек әйелдің жеке өміріне қатысты сын айтып, жүктілік кезінде қиындықтар туралы ойлаған-ойламағанын және «еркекті қаншалықты мойындамағанын» сұрайды. Әйел ол кезеңде бизнеспен айналысып, өзімшіл болып, туыстарынан алыстап кеткенін айтады. Бұған жауап ретінде коуч:

«Сізде сананың астарында барлық ер адамдар әлсіз. Әкеңіз әлсіз, күйеуіңіз әлсіз, соның нәтижесінде бала да сондай болып шықты. Ал бала әлсіз болғысы келе ме? Жоқ. Сол себепті ол ауырады, алға жылжымай жатыр», – деп мәлімдейді.

 

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар