"–25 градус аяз": синоптиктер алдағы күндері күннің суытатынын болжады
Қазақстанның бірнеше аймағында аяз күтіледі.
Қазгидромет 15-17 қаңтар аралығына арналған ауа райы болжамын жариялады. Еліміздің көптеген өңірлерінде қар жауып, бұрқасын болады, аяз болжануда, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Синоптиктердің болжамынша, алдағы күндері Қазақстанда күн суытады.
“Бұл республика бойынша ауа температурасының төмендеуіне себеп болады. 15 қаңтарда елдің солтүстігі мен шығысында түнде ауа температурасы 30–40 градус аязға дейін төмендейді. Оңтүстікте түнгі температура 5–13 градус аяз болса, оңтүстік-шығыс өңірлерде 8–17 градус аяз күтіледі. Ал таулы аймақтарда 20–25 градус аяз болады.
Қазақстанның оңтүстігінде 15–16 қаңтарда қар түрінде қатты жауын-шашын түсіп, бұрқасын мен көктайғақ болуы мүмкін. Ал елдің оңтүстік-шығысында 16–17 қаңтарда қалың қар жауып, бұрқасын, тұман және көктайғақ күтіледі”, – делінген хабарламада.