Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Air Astana рейстері Иранды айналып ұшатын болды

Air Astana рейстері Иранды айналып ұшатын болды
Сурет: samolets.com
Air Astana ұшақтары Иран аумағын айналып ұшатын болды.

Air Astana ұшақтары Иран аумағын айналып ұшатын болды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Иран әуе кеңістігін жапқан соң, Air Astana әуе компаниясы рейстерінің бағытына өзгеріс енгізілетінін мәлімдеді. Енді әуе кемелері Шарм-эль-Шейх, Дубай, Доха және Медина қалаларына Иран аумағын айналып ұшатын болады.

"Шарм-эль-Шейх, Дубай, Доха және Медина бағыттарындағы рейстер Иранның әуе кеңістігін айналып өтумен жүзеге асырылады", – делінген хабарламада.

Бұған дейін Иран билігі арнайы рұқсаты бар халықаралық рейстерден өзге барлық азаматтық әуе кемелері үшін әуе кеңістігін жабатынын хабарлаған.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар