“Бетін тілгілеп тамағын осып жіберген”: Шымкентте кісі қолынан қаза тапқан 21 жастағы қыздың бірнеше жеріне пышақ сұққан
Шымкентте кісі қолынан қаза тапқан студент қыздың жақындары қаскөйдің оны үнемі аңдып келгенін айтты.
Шымкентте дүйім елді дүр сілкіндірген қанды қылмысқа байланысты жаңа деректер белгілі болды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі Информбюро жаңалықтарына сілтеме жасап.
21 жастағы Нұрай Серікбайдың туыстары күдікті қыздың бетін әдейі пышақпен тілгілеп, тамағын осып жіберген.
Мәйіттегі жарақаттарды көріп жағасын ұстаған жақындары қаскөйдің ең ауыр жазаға тартылғанын қалайды. Себебі, 28 жастағы жігіт бойжеткенді күшпен алып қашқан.
Бас тартқанына қарамастан соңынан қалмай, қоқан-лоқы көрсеткен деп отыр.
Нұрайдың ата-анасы әлі ес жия алар емес. Қызды алып қашқан жігіттің мұндай жауыздыққа баратынын білмедік дейді олар. Сол кезде алып кеткен екен. Жігіт жібермеудің амалын жасап, есікті ашпаған. Ақыры полиция шақырып, тараптар татуласқан. Бірақ аңдуын жалғастырған жеп отыр.
“Бір ай ма үйдің алдын торауылдап жүрген. Арызданған Қаратау аудандық полиция бөліміне. Оны қарамаған, одан кейін прокуратураға да арызданған. Ол да қаралмаған. Сол кезде қылмыс жасаған баламен сөйлескенде қызымыз аман қалар ма еді. Алдымыздан өтуі керек еді”, - дейді ағасы.
Тәртіп сақшылары шара қолданбаған соң жігіт қызды аңдып, қорқытып үркіткен. Телефонына тыныштық бермеген дейді туыстары. Ал қайғылы оқиға болатын күні үйде анасымен отырған екен. Дүкенге ұн алуға шыққанда күдікті оны бас салып, пышақтап тастаған. Бетін адам танымастай тілгілеп, қарумен лсып жібергенін жақындары мәйітті ашқанда көріпті.
“Балаға бола шықпаған. Үйде торт пісіріп жатыр екен. Соған ұн жетпей, соған бола шыққан екен. Қазақтың салт дәтүрі бойынша жуамыз деді молда екеуміз кіріп көріп едік бет-аузының бәрін тілгіштеп тастаған. Алдынан артынан пышақты ұра берген”, - дейді ағасы.
21 жастағы Нұрай Серікбайды Төрткүл ауылының тұрғындары күні кеше жер қойнына тапсырды. Мектепті алтын белгіге бітірген алғыр қыз Алматыдағы қазақ академиясында сән және дизайн мамандығында оқыған.