Қоғам

«Өмір бойы өкініп өтемін»: Түркістан облысында қарт әкесін ұрып-соққан ер адам кешірім сұрады

Түркістан облысында әкесін ұрып-соққан ер адам сотта жылап, кешірім сұрады.

Түркістан облысы Жетісай аудандық сотында қарт әкесін жүйелі түрде соққыға жықты деп айыпталған ер адам сотта жылап жіберді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Сот отырысында ол өз кінәсін толық мойындап, қоғамнан кешірім сұрады.

"Баршаңыздан кешірім сұраймын. Бүкіл қазақ халқынан кешірім сұраймын. Істеген ісіме шын жүректен өкінемін. Туыстарымнан кешірім сұраймын. Ашуға берілдім. Өмір бойы өкініп өтемін. Қателестім. Бүкіл мұсылман халқынан кешірім сұраймын. Мені түсініп, кешірулеріңізді өтінемін. Кінәмді толық мойындаймын", – деді ол сотта.

Еске салайық, бұған дейін прокурор айыпталушыға 6 жыл 2 айға бас бостандығынан айыру жазасын сұраған болатын.