Қоғам

« -42 градус қатты аяз»: еліміздің 12 өңіріне дауылды ескерту жарияланды

16 қаңтарға арналған ауа райы болжамы.

Қазақстанның 12 өңірінде ауа райының күрт нашарлауына байланысты дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

"Қазгидромет" РМК болжамынша, 16 қаңтарда бірқатар өңірде күн күрт суытады.

Қонаевта кей уақыттарда жаяу бұрқасын күтіледі.

Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі. Ақтау қ.: 16 қаңтарда көктайғақ күтіледі.

Түркістан облысының батысында, солтүстігінде, таулы аудандарында жаяу бұрқасын күтіледі. Шымкенттте жауын-шашын, күндіз кей уақыттарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Түркістан қ.: 16 қаңтарда жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі.

Қызылорда облысының солтүстігінде қар, бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, орталығында тұман күтіледі. Қызылордада кей уақытта тұман күтіледі.

16 қаңтарда Ұлытау облысының батысында, оңтүстігінде қар, бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың шығысында, оңтүстігінде тұман.

Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жаяу бұрқасын күтіледі. Түнде облыстың солтүстік-шығысында 35-38 градус қатты аяз күтіледі. Қарағандыда түнде және таңертең жаяу бұрқасын күтіледі.

Ақтөбе облысының оңтүстігінде, батысында қар күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында жаяу бұрқасын күтіледі.

Атырау облысында қар, көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын. Облыстың батысында, оңтүстігінде тұман. Атырауда кей уақыттарда тұман, көктайғақ күтіледі.

Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде шығысында жаяу бұрқасын күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында 42 градус қатты аяз күтіледі. Өскеменде тұман күтіледі.

Абай облысының солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде 40 градус қатты аяз күтіледі.

Қостанай облысында оңтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын күтіледі.

Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады.

ШҚО Риддер қаласы бойынша, күтіліп отырған қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты, ҚМЖ туралы екінші дәрежелі ескертуі сақталады.

Өскемен қаласы бойынша, күтіліп отырған қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты, ҚМЖ туралы екінші дәрежелі ескертуі сақталады.

Семей қаласы бойынша, күтіліп отырған қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты, ҚМЖ туралы екінші дәрежелі ескертуі сақталады.

Түркістан облысында 16-17 қаңтарда жауын-шашын, облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман. 17 қаңтарда ауа температурасы түнде және күндіз 0-5, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында 8-13 градус аязға дейін төмендейді.

Жамбыл облысында 16-17 қаңтарда қар, жаяу бұрқасын, облыстың батысында, оңтүстігінде, облыстың таулы аудандарында қатты қар күтіледі. Кей уақыттарда тұман, көктайғақ. Ауа температурасы түнде және күндіз 2-7, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында 10 градус аязға дейін, 17 қаңтарда түнде 8-13, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында 16-21 градус аязға дейін, күндіз 5-10, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында 13-18 градус аязға дейін төмендейді.

Алматы облысында 16 қаңтарда қар жауады, күндіз облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында қатты қар жауады. 17 қаңтарда қар, облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында қатты қар жауады. 16-19 қаңтарда облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман, көктайғақ, 16-17 қаңтарда жаяу бұрқасын.

Ауа температурасы 16 қаңтарда түнде 5-10, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында 13-18 градус аязға дейін, күндіз 2-7, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында 10-15 градус аязға дейін, 17 қаңтарда түнде 12-17, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында 20-25 аязға дейін, күндіз 8-13, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында 16-21 градус аязға дейін төмендейді. Жетісу облысы 16 қаңтарда түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында қар, жаяу бұрқасын, күндіз қар, жаяу бұрқасын, облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында қатты қар күтіледі.

17 қаңтарда облыстың шығысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында қар, бұрқасын. Облыстың шығысында, орталығында, таулы аудандарында тұман, көктайғақ. Ауа температурасы 16 қаңтарда түнде 10-15, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында 19-24 градус аязға дейін, күндіз 5-10, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында 13-18 градус аязға дейін, 17 қаңтарда түнде 15-20, облыстың шығысында, орталығында 20-25 градус аязға дейін, күндіз 10-15, облыстың шығысында, орталығында 15-20 градус аязға дейін төмендейді.