Қоғам

Талғарда 45 жастағы ер адам азаматтық некедегі әйелін қызының көзінше өлтірді

Алматы облысында ер адам әйелін пышақтап өлтірді.

Алматы облысының Талғар ауданында азаматтық некеде тұрып жатқан ер адам әйелін пышақтап өлтірді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі. 

Күдікке ілінген 45 жастағы ер адам қамауға алынды.

Қайғылы оқиға 14 қаңтар күні Талғар ауданына қарасты Рысқұлов ауылында тіркелген. Алдын ала дерек бойынша, ерлі-зайыптылар арасында шыққан жанжалдың соңы ауыр қылмыспен аяқталған. Күдікті әйелді екі рет пышақпен жаралаған.

Ауыр жарақат алған әйел бірнеше сағаттан кейін көз жұмды. Ең сорақысы, оқиға кезінде марқұмның 5 жасар қызы да үйде болған. Жәбірленушіні туыстары жарақаты таңылған күйде тауып алған. Олар дереу жедел жәрдем шақырғанымен, дәрігерлер әйелдің өмірін сақтап қала алмады.

Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері күдіктіні сол мезетте қолға түсірді. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды.