Қоғам

Таиландта қазақстандық фельдшер екі жасар сәбиді аман алып қалды

Таиландта демалыс кезінде алматылық фельдшер екі жасар қызды құтқарды.

Таиландта отбасымен демалып жүрген алматылық жедел жәрдем фельдшері Гаухар Әкімова екі жасар қызға жергілікті дәрігерлер келгенге дейін алғашқы көмек көрсетіп, аман алып қалды, деп  хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Алматы қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, бұл жағдай демалыс кезінде болған. Бірнеше күн бұрын қыз баланың жағдайы нашарлай бастаған. Аурудың белгілері энтеровирустық инфекцияға жалғасқан. Бала тамақ ішпей, кейін ұстамасы ұстаған.

Туыстары демалып жүрген адамдардан көмек сұраған. Сол кезде оларға көмекке Гаухар Әкімова келген. Ол баланың жағдайын бақылап, қажетті алғашқы көмек көрсеткен.

Баланың апасы мен ата-анасы қазақстандық фельдшерге кәсібилігі мен көмегі үшін алғыс білдірді.