Қоғам

Дінмұхамед Қонаевтың қарындасы 91 жасында өмірден өтті

Дінмұхамед Қонаевтың қарындасы қайтыс болды.

Дінмұхамед Қонаевтың қарындасы, ғалым-микробиолог Рауза Қонаева 91 жасында өмірден өтті, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Қаралы хабарды Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек жеткізді.

"Жатқан жеріңіз жайлы, топырағыңыз торқа болсын, Рауза апа! Айтқан сөзіңіз, тілегіңіз жүрегімде, Мұрат Тәжімұратұлы ағамыз екеуіңіз әрдайым жүрегімде боласыздар!" - деді ол.

Айта кетсек, Рауза Ахметқызы 1956 жылы Мәскеу мемлекеттік университетін тәмамдаған. Қазақ КСР Молекулалық биология және биохимия институтының директоры қызметін атқарған.