Басты жаңалықтар

-35 градустық аяз: Қазақстан қалаларында 17 қаңтар қандай ауа райы болатыны айтылды

17 қаңтарда Астана, Алматы мен Шымкенте күн райы қандай болады? Ауа райы болжамын OpenWeather порталы жария етті.

Метеорологтардың мәліметінше, бүгін Алматыда қар жауады. Күндіз ауа температурасы -13...-15 градус шамасында болады, түнде -19 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы – 2-7 м/с.

Астанада көшпелі бұлтты болады. Күндіз ауа температурасы -21...-23 градус шамасында болса, түнде -32 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы – 3-8 м/с.

Шымкентте бүгін қар аралас жаңбыр жауады деп күтілуде. Күндіз ауа температурасы 1 градусқа дейін көтеріліп, түнде -4 градусқа дейін түседі. Желдің жылдамдығы 8-13, екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетуі мүмкін.

Барлық қалалар бойынша ауа райы болжамы.