«Үтік басып, пешке күйдіріп, ауыздарына қыздырылған шанышқы басқан: Шымкентте 30 жастағы әйел екі баласын түрлі жолмен азаптаған
Әйел мұндай қатыгездікке баруына күйзеліс себеп болғанын айтады
Шымкентте жан түршігерлік жағдай орын алды. 30 жастағы келіншек өзінің екі баласын үйде азаптаған. Қазір екі бала ауруханада жатыр. Ал әйелдің дін аман екі баласы әжесінің қарауына өтті.
«Балалар қазір естерін жиып ненің қалай болғанын айтуда. Ол неге мұндай қатыгездікке барғанын түсінбедік. Оданда «қарамаймын, алыңдар» десе біз өз қарауымызға алатын едік. Балалардың сөзінше ыстық пешке күйдірген. Үтік басқан. Ұлдың шашын ортадан артқа қарай тықырлап алған. Екі жағында шаштары тұр. Ұлдың тіліне шанышқыны қыздырып басқан. Айтып отырса сұмдық. Олар ғажайыптың арқасында тірі қалған»,-дейді күдікті әйелдің туысы.
Ал әйелдің күйеуі болса шетелде нан табу мақсатында жұмысқа кетіпті. Полиция бұл істі тергеп-зерттеуге алды. Қазірге балалар толықтай өз аналарынан құтқарылды. Екі баланың денсаулық жағдайы тұрақты ауыр деп отыр дәрігерлер.