Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«Бар күшімен соққыдайтындай не көрінді сонша?»: Жаркентте әйел баласын жылу батареясына байлап, аяусыз ұрған

«Бар күшімен соққыдайтындай не көрінді сонша?»: Жаркентте әйел баласын жылу батареясына байлап, аяусыз ұрған
Сурет: видеодан скриншот
Желіде баласын ұрып, соққан әйелдің видеосы тарады.

Баланы жылу батареясына байлап, бар күшімен ұрып-соққан әйелдің видеосы желіде тарады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Бұл туралы  Instagram парақшасында журналист Жанар Нұртазина жариялады. Мәліметке сәйкес, оқиға Жетісу облысы, Жаркент қаласында болған.

“Баланы батареяға байлап, бар күшімен соққылайтындай не көрінді сонша? Видеоны жылап жатқан баланың әкесі видеоға түсіріп жіберді. Ал соққылап жатқан сол бүлдіршіннің анасы. Баланы асырауға психикаларың шыдамай ма, тумаңдаршы айналайындар! Ересек екі ақымақтың кесірінен, неге сәби зардап шегуі керек?! Қазір қажет органдарға видеоны жіберіп қойдым. Енді ессіз ата-анаға тек ескертумен шектелмей, қажет шара қолданылса екен”, – деп жазған желі қолданушысы. 

Сондай-ақ ол Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Закиеваға жүгінген. 

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар