Қоғам

Испанияда екі пойыз соқтығысты: 21 адам қаза тауып, жүздей жолаушы жарақат алды

Испанияда пойыздар соқтығысып, бірнеше адам қаза тапты.

Испанияда екі жоғары жылдамдықты пойыз рельстен шығып кетті. Бір-бірімен соқтығысып, 21 адам қаза таупты. Ал 100 адам жарақат алды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Қайғылы оқиға 18 қаңтар кешке Кордова провинциясында болған. Оқиғаның нақты себептері әзірге ресми түрде жарияланған жоқ. Испаниялық БАҚ екі пойызда шамамен 400 жолаушы болуы мүмкін екенін жазады.

Ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, зардап шеккендердің 30-ы ауыр жағдайда жатыр. Оқиға орнында жедел жәрдем бригадалары, құтқарушылар мен полиция қызметкерлері жұмыс істеуде.