Қоғам

Жаркентте баласын жылу батареясына байлап ұрған әйел қамауға алынды

Өз баласын аяусыз ұрып-соққан әйел полиция бөлімшесіне жеткізілді.

Жаркент қаласында кәмелетке толмаған баласын батареяға байлап, ұрып-соққан әйел полицияға жеткізілді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.  

Бұл туралы видео әлеуметтік желіде тарап кеткен. Кадрдан әйелдің баланы батареяға тіреп, аяусыз ұрғаны көрінеді.

Жетісу облыстық полиция департаментінің мәліметінше, аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. 28 жастағы әйел уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ал, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында барлық мән-жай анықталғанға дейін олар Отбасын қолдау орталығына уақытша орналастырылды.

Сонымен қатар, қамқоршылық және қорғаншылық органдарына ата-ана құқығынан айыру мәселесін қарастыру туралы ресми ұсыныс жолданған.