Басты жаңалықтар

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Вице-президент лауазымын енгізуді ұсынды

Тоқаев Ұлттық құрылтай кезінде Вице-президент институтын құруды ұсынды.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтай кезінде Вице-президент институтын құруды ұсынды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

“Халық арасында “әр нәрсенің өз уақыты бар” деген сөз бекер айтылмаған. Менің ойымша, дәл сондай уақыт келді. Сондықтан бүгін Ұлттық құрылтайдың қорытынды отырысында жаңа әрі маңызды ұсынысымды айтқым келеді. Мен ұсынып отырған бұл жаңашылдық соңғы бірнеше жыл бойы жүйелі түрде қалыптастырып келген бүкіл саяси құрылымды табиғи түрде түйіндейді. Әңгіме Қазақстан Республикасында Вице-президент институтын құру және оны Конституцияда тиісті түрде бекіту туралы болып отыр”, – деді Тоқаев.

Вице-президентті Парламенттің келісімімен Президент қарапайым көпшілік дауыспен тағайындайды. Оның өкілеттіктер аясын Мемлекет басшысының өзі айқындайды. Вице-президент бірқатар елдерде бар екені белгілі.

“Вице-президенттің қызметтік өкілеттіктеріне қатысты осы негізгі қағидаларды Конституция мәтінінде де көрсету қажет.
Қолданыстағы Парламенттің қызметін қамтамасыз ететін аппараттық құрылымдардың бір бөлігі, сондай-ақ Мемлекеттік кеңесші лауазымы қысқартылады. Президент Әкімшілігінің функциялары, құрылымы және оны басқару жүйесі практикалық қажеттілікке сәйкес реформаланады.
Вице-президент лауазымы бірқатар елдерде бар екені сіздерге белгілі. Біздің жағдайда бұл қызметті енгізу мемлекеттік басқару үдерісін тұрақтандырып, билік иерархиясына қатысты түпкілікті айқындық енгізеді”, – деді президент.