Қазақстанда Конституциялық комиссия құрылады
Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтайдың V отырысында Конституциялық комиссия құрылатынын мәлімдеді.
Қазақстанда Конституциялық комиссия құрылады. Комиссия құрамына 100-ден астам азамат кіреді. Бұл туралы мемлекет басшысы Ұлттық құрылтайдың V отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Президенттің айтуынша, бастапқыда парламенттік реформа аясында Ата заңның 40-қа жуық бабын өзгерту жоспарланған. Алайда жұмыс барысында түзетулер саны әлдеқайда көп екені белгілі болған.
Комиссия құрамына 100-ден астам азамат кіреді. Оның ішінде Ұлттық құрылтай мүшелері, белгілі заңгерлер, ақпарат құралдары басшылары, аймақтық мәслихат төрағалары мен қоғамдық кеңес өкілдері және басқа да білікті мамандар болады. Бұл жұмысқа Конституциялық соттың төрағасы жетекшілік етеді.
"Комиссия барлық ұсынысты сараптап, қорытып, нақты өзгерістердің жобасын әзірлейді. Содан соң жалпыхалықтық референдум өтетін уақытты белгілейміз", - деді президент.