Саясат

Тоқаев: Қазақстанда вице-президент лауазымы пайда болады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтай отырысында жаңа әрі маңызды ұсыныс айтты.

"Әңгіме Қазақстан Республикасында вице-президент институтын құру және оны Конституцияда тиісті түрде бекіту туралы болып отыр. Вице-президентті Парламенттің қарапайым көпшілік дауысының келісімімен Президент тағайындайды. Оның өкілеттіктер аясын Мемлекет басшысы айқындайды", - деді Тоқаев.

Вице-президент Президенттің тапсырмасы бойынша:

халықаралық форумдарда және шет мемлекеттердің делегацияларымен келіссөздерде Қазақстан Республикасының мүддесін білдіреді;

Парламентте Президенттің мүддесін таныстырады;

отандық және шетелдік қоғамдық-саяси, ғылыми және мәдени-ағартушылық ұйымдармен өзара іс-қимыл жасайды;

Президенттің өзге де тапсырмаларын орындайды.