Басты жаңалықтар

Отбасы банк өзгеріс енгізді: ендігіде үйде үлесі бар азаматтар да ипотека рәсімдей алады

Отбасы банк қазақстандықтар үшін маңызды өзгеріс енгізілетінін мәлімдеді.

Отбасы банк жылжымайтын мүлікте үлесі бар тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарға жеңілдетілген ипотека рәсімдеуге және жалдамалы тұрғын үй алуға өтініш беруге рұқсат берді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі. 

“Отбасы Банк” мәліметінше, өзгеріс биылғы жылдың ақпан айынан бастап күшіне енбек.

Осы уақытқа дейін егер кезекте тұрған адамның соңғы бес жыл ішінде жеке меншігінде тұрғын үйі болмауы тиіс болатын.

“Енді адамның тұрғын үйде үлесі болса, бірақ ол кезекте тұрса, мемлекеттік қолдауға ие бола алады. Яғни, жеңілдетілген ипотека немесе жалдамалы тұрғын үй алу мүмкіндігі бар. Бұл мәселе заң жүзінде толық реттелмеген еді. Бірақ Отбасы банк азаматтардың жағдайын түсініп, көптеген өтініштерді ескере отырып, үлестік меншігі бар кезекте тұрғандарды есепке алу туралы шешім қабылдады”, – делінген банк хабарласында.