Шымкентте жол апатынан кейінгі жанжал төбелеске ұласып, бір адам қаза тапты (ВИДЕО)
Шымкентте жол апатынан кейін төбелес шығып, бір адам пышақ жарақатынан көз жұмды.
Шымкентте көшелердің біріндегі қиылысты жол апаты болып, соңы төбелеске ұласқан. Салдарынан 40 жастағы ер адап қаза тапты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Оқиға 20 қаңтар күні Ерімбетов пен Рысқұлов көшесінің қиылысында болған. Полиция күдіктілерді іздестіріп жатыр.
Екі көліктің жүргізушісі бір-бірімен жанжалдасып жатқанда олардың жанына тағы бір көлік тоқтаған. Олар да жанжалға араласқан. Төбелес кезінде бірнеше адам пышақ жарақатын алып, екі адам зардап шеккен. Олардың біреуі ауруханада көз жұмды.
Полиция болған жағдайқа қатысты қылмыстық іс қозғады.
“Шымкент қаласы Полиция департаменті күдіктілерді анықтап, ұстау үшін барлық қажетті шараларды қабылдап жатыр. Күдіктілерді ұстау үшін жедел-іздестіру іс-шараларына департаменттің барлық күштері мен құралдары жұмылдырылды”, – деп хабарлады полициясы.