Спорт

«Қайрат» командасының ойынында «Брюгге» жанкүйерлері Бораттың киімін киіп келген

"Қайрат"-"Брюгге" ойынында Бораттың киімін киіп келген үш жанкүйер көпшіліктің ашуын тудырды.

20 қаңтар Астана Аренада "Қайрат" -"Брюгге" арасындағы матч өтті. Қарсылас команда "Брюгге"-нің үш жанкүйері көпшіліктің ашуын тудырды. Олар Бораттың бейнесіндегі ашық түсті манкини киіп келген, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Бұл туралы видео Instagram желісіндегі almatinec_live парақшасында жарияланды.

Полиция қызметкерлері үш шетелдік жанкүйерді ұстап, полиция бөлімшесіне алып кетті. Құқық бұзушылар уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Мас күйінде қоғамдық орынға келгені және ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік іс қозғалды.

"Астана полиция департаменті қоғамдық іс-шаралар кезінде қоғамдық тәртіпті күшейту қамтамасыз етілетінін еске салады. Белгіленген тәртіпті бұзу Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жауапкершілікке әкеп соғады" - деп мәлімдеді полиция.