Басты жаңалықтар

Вице-президенттің кім екенін, біліп отырсыңдар ғой?! - журналист Ұлттық құрылтай туралы

Журналист Алмас Алтай вице президетке қатысты айтты.

Белгілі журналист Алмас Алтай кеше ғана Қызылордада өткен Ұлттық Құрылтайға қатысты пікір айтып, вице-президенттің кім екені бәріне белгілі екенін жеткізді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі. 

Ол жаңа құрылым халық кеңесі немен айналысатынын әзірге ешкім түсінбегенін алға тартты.

“Қызылорда құрылтайы мәресіне жетті әм жалпы Ұлттық Құрылтай да өз миссиясын тәмәм етті...

Бұған қоса көпшілік функциясын жете түсіне бермейтін ассамблея да қызметін доғарды.

“Халық Кеңесі" - осы екі тақырыптың орнына келген жаңа құрылым. Немен айналысатынын іс барысында түсініп кетеміз деп ойлап отырм.

Әзірге белгілісі құрамында 126 адам кірмек. Жалпы ниет оң, елдік мәселелермен айналысатын алаң болады ғой, бұйырса!”, - деп жазды ол.

Журналист құрылған жаңа Құрылтайдың құрамына кімдер кіретіні белгісіз екенін және вице-президенттің кім болатыны қазірден анық екенін айтты.

“Ұлттық Құрылтайға әңгіме жоқ. Өте өнікті жұмыс істеді, осы тұғырнама қабырғасында қаншама жақсы ойлар айтылды, қаншама тәуір заңдар қабылданды! 

Жаңа Құрылтай қашан келеді, құрамында кімдер болады - ұзақ әңгіме. Ораламыз, бұйырса!

Соңғы Құрылтайда Тоқаев айтқан басқа мәселелердің анығы айтылған соң видео түсіреміз. Әзірге ең соны жаңалық осы "Халық Кеңесі" болып тұр...

Вице-Президенттің кім екенін, сірә, біліп отырсыңдар ғой?!”, - дейді журналист.