Алматы облысында үзіліс кезінде 9- сынып оқушысы көз жұмды
Алматы облысындағы мектептердің бірінде оқушы қайтыс болды.
Алматы облысы Қаскелең қаласындағы Сәтбаев атындағы орта мектепте 9-сынып оқушысы сабақ кезінде көз жұмды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Оқиға 21 қаңтар күні үзіліс кезінде болған. 15 жастағы жасөспірімнің жағдайы кенеттен нашарлаған. Мектеп әкімшілігі бірден жедел жәрдем шақырған.
«Жүргізілген реанимациялық және медициналық шараларға қарамастан, баланың өмірін сақтап қалу мүмкін болмады», – деп хабарлады Алматы облысының білім басқармасы.
Марқұм жасөспірім 26 ақпанда 16 жасқа толуы тиіс болған.
Шенеуніктердің айтуынша, оқиға кезінде оқушымен бірге осы мектепте педагог болып жұмыс істейтін әжесі болған.
Оқушының қайтыс болу дерегі бойынша уәкілетті органдар тексеру жүргізіп жатыр. Өлімнің нақты себебін анықтау үшін мәйіт сот-медициналық сараптамаға жіберілді.