Мәдениет

«1 млн доллар мәһр беремін деді»: блогер Мадленге екінші әйел болуға ұсыныс жасаған

Блогер Мадина Мамадалиеваға танысы екінші әйел болуға ұсыныс жасаған.

Белгілі блогер Мадина Мамадалиева Instagram парақшасының Stories бөлімінде оқырманының сұрағына жауап берді. Оған екінші әйел болуға пікірі қандай екенін сұраған, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Мадленнің айтуынша, оған бір танысы екінші әйел болуына ұсыныс жасаған.

 «Жақында бір кісі осындай ұсыныс жасады. Ол Қазақстанда тұрмайды. Көп жылдан бері таныспыз. Өте ұқыпты, сымбатты ер-азамат. Үлкен кісі емес. Екінші әйелім болсаң, жылына 1 млн доллар мәһр беремін деді. Қалжыңсыз. Бірақ ұсыныстан бас тарттым. Менің екінші планда болу жоспарымда жоқ», – деп жазды ол.

Ол сол адамның жазғандарын да жариялады. Блогердің айтуынша, бұл ер-азамат үйленбей тұрып та Мадленге қыз-жігіт боп кездесуге ұсыныс жасаған екен.