Басты жаңалықтар

Жамбыл облысында 22 баланың жаппай улануы: басқарма ақпаратты жоққа шығарды

Қызылорда облыстық спорт және туризм басқармасы 22 баланың улануы туралы ақпаратты жоққа шығарды.

Қызылордадан Жамбыл облысына оқу-жаттығу жиынына қатысу үшін барған 22 баланың жаппай улануы туралы деректі Қызылорда облыстық спорт және туризм басқармасы жоққа шығарды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі kazinform сайтына сілтеме жасап.

Басылымның ведомствоға сілтеме жасап хабарлауынша, 15 қаңтарда Тараз қаласының Меркі ауданындағы "Тұран" демалыс аймағында грек-рим күресінен бірнеше облыстың құрама командалары кадеттер мен жасөспірімдер арасындағы ел чемпионатына дайындыққа кіріскен. Оқу-жаттығу жиыны осы мақсатта жүргізілген.

"Жиын барысында, яғни 21 қаңтар күні облыс құрамасындағы 3 баланың дене қызуы көтеріліп, іші қатып, аудандық ауруханаға жеткізілген. Осы жағдайға байланысты жаттықтырушылар қалған 19 баланы қосымша медициналық тексерістен өткізген. Тексеріс барысында спортшылардан ешқандай ауру белгілері анықталған жоқ. Спортшылар 29 қаңтар күні жаттығу жиыны аяқталған соң грек-рим күресінен ел біріншілігіне қатысады", - делінген хабарламада.

Басқарма жағдайды қатаң бақылауға алғанын жеткізді.