Қоғам
Атырауда полицей зейнеткерді өз үйінен көтеріп алып шыққан: желіде видео тарады
- автор Томирис Тоныкөк
- 23 қаңтар, 2026
- 561
Зейнеткер фельдшерді тепкен соң көмекке полиция қызметкері шақыртылған.
Атыраудағы көпқабатты тұрғын үйдің кіреберісінде қарияны полиция мен жедел жәрдем қызметкерлері көтеріп алып шыққан. Бұл туралы видео желіде тарады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 20 қаңтар күні сағат 07:02-де жедел жәрдем қызметіне 70 жастағы зейнеткердің жағдайы күрт нашарлағанын айтып, көршісі хабарласқан.
Жедел жәрдем бригадасы келгенде науқас фельдшерді теуіп, екіншісін қолымен ұрған.
Науқастың ауыр психоэмоционалдық күйде болғанын және агрессивті мінез танытқаны анықталған. Осыған байланысты фельдшерлер құқық қорғау органдарынан көмек сұраған.
Ұқсас жаңалықтар
Қоғам
Қазақстанда әскери қызметшілерге төленетін төлем ережелері өзгерді
- авторТомирис Тоныкөк
- 21 қазан, 2026
Қоғам
Жарқыраған Ақжан: Астанада туған ерекше жылқы несімен таңғалдырады?
- авторТомирис Тоныкөк
- 21 қазан, 2026




