Серік Сәпиевті жұмыс уақытында орынбасары ұрғаны туралы ақпарат тарады
Серік Сәпиев пен орынбасары арасында жанжал туды.
Қарағанды қаласында 21 қаңтар күні кешкі уақытта Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев пен оның орынбасары Дәурен Есімханов арасында жанжал туған, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Оқиға қаладағы Бұқар жырау даңғылы бойында болған. Салдарынан Серік Сәпиев жарақат алған.
Полицияның мәліметінше, оқиға бойынша денсаулыққа қасақана зиян келтіру фактісімен қылмыстық іс тіркелді. Қазір жәбірленушінің алған жарақатын анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды. Сараптама жарақаттың қаншалықты ауыр екенін көрсетеді.
Оқиғаның нақты неден басталғаны әзірге айтылған жоқ. Құзырлы органдар істің барлық мән-жайын анықтап жатыр.
Айта кетсек, Серік Сәпиев – Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы.