Мәдениет

Режиссер Ақан Сатаев пен Альмира Тұрсын қызды болды

Альмира Тұрсын көпшіліктен сүйінші сұрады.

Танымал режиссер Ақан Сатаев пен актриса Альмира Тұрсын қызды болды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Сүйінші жаңалықты актриса әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті.

“Қызымыз дүниеге келді – Айя-Сафия.
Арманым, дұғамның жауабы. Алланың сыйы мен аманаты! Аллаға шүкір, Жаратқанға сансыз мадақ пен шексіз алғыс!” – деп жазды ол.

Желі қолданушылары өнер иесін құттықтап, жылы лебіздерін білдіріп жатыр.