Қазақстан бұл ұйымға ешқандай жарнасыз кірді: Тоқаев Бейбітшілік кеңесінің жарғысына қол қойды
Бұл ұйымға мүше болғысы келетін мемлекеттер 1 миллиард доллар жарна төлеп кіреді.
"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ Президенті Дональд Трамптың бастамасымен құрылған Бейбітшілік кеңесінің Жарғысына қол қойды", - делігген хабарламада.
Қол қою рәсіміне Қазақстан Президентінен басқа 18 елдің басшылары мен өкілдері қатысты.
Ұйымға кіру үшін Қазақстан ешқандай төлем жасамаған. Бейбітшілік кеңесі мүшесі атанған ел ұйымда 3 жыл болады.