Қар, боран: алдағы демалыс күндері Қазақстанда -35 градусқа дейін аяз болады
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 13:29
- 40
Синоптиктер алдағы үш күнге яғни 24-26 қаңтарға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.
Метеорологтардың мәліметінше, Атлантика аймақтарынан жылжып келе жатқан циклон мен белсенді атмосфералық фронттар әсерінен алдағы күндері Қазақстанда қар, оңтүстік өңірлерде жауын-шашын (жаңбыр, қар), боран, желдің күшеюі күтіледі.
Циклон ел аумағы арқылы ілгерілеген сайын, территорияның едәуір бөлігіне жылырақ ауа массаларының енуі басталады, соның нәтижесінде ауа температурасы біртіндеп жоғарылайды:
- түнгі уақытта орталық және шығыс өңірлерде -5…-18°С-қа дейін;
- оңтүстік-шығыста -2…-7°С-қа дейін;
- таулы аудандарда -7…-15°С-қа дейін көтеріледі.
- Солтүстік облыстарда түнде ауа температурасы -20…-35°С шамасында болып, аязды күн сақталады.
Сонымен қатар суық арктикалық ауа шоғырланған антициклон жотасы елдің батыс өңірлеріне таралып, түнгі уақытта ауа температурасының -15…-30°С-қа дейін, ал солтүстік-батыста -20…-35°С-қа дейін төмендеуіне себеп болады.



