Басты жаңалықтар

Серік Сәпиевті орынбасары жұмыс кезінде соққыға жықты: оқиғаның видеосы пайда болды (ВИДЕО)

Серік Сәпиев пен орынбасарының арасындағы жанжалдың видеосы тарады.

Серік Сәпиев пен оның орынбасары арасындағы кикілжіңнің видеосы желіде пайда болды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Видеода Серік Сәпиевке ұқсас адам кабинетке кіріп, біраз уақыттан соң костюмсіз, ақ жейдемен асығыс шыққаны көрінеді.

Қарағанды ​​облысының Мемлекеттік қызмет істері департаменті қазіргі уақытта бұл мәселе бойынша ешқандай ақпарат жоқ екенін мәлімдеді. Бұған қатысты қылмыстық іс қозғалған. Ведомство мәліметінше, барлық процедура аяқталғаннан кейін шешім қабылданады.

"Қарағанды қаласының 42 жастағы тұрғынының арызы негізінде ұрып-соғу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір полиция қызметкерлері оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жарияланбайды", - деді полиция.

Айта кетсек, бұған дейін Қарағандыда бокстан Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев пен оның орынбасары Дәурен Есімхановқа қатысты жанжал туындағаны хабарланған болатын. Кикілжің төбелеске ұласқан. Салдарынан Серік Сәпиев дене жарақатын алған.

Серік Сәпиев қазір Қарағанды ​​облысында Дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысы қызметінде.