Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«Енді ол еркек сияқты өмір сүре алмайды»: үш баланың анасы жігітін ұйықтатып, оның мүшесін кесіп тастады.

«Енді ол еркек сияқты өмір сүре алмайды»: үш баланың анасы жігітін ұйықтатып, оның мүшесін кесіп тастады.
Сурет: Freepic / cookie_studio
Астанада жігітін қызғанған әйел оның мүшесін кесіп тастады.

Астанада жігітінің опасыздық жасағанын біліп қойған 32 жастағы әйел оның мүшесін кесіп тастады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Үш баланың анасы мұндай жағдайға қызғаныштан барған. Ер адам жедел түрде ауруханаға жеткізілген. Алайда оның мүшесін сақтап қала алмаған.

Бұл туралы уролог Жалғас Игембай әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

«32 жастағы үш баланың анасы қызғаныштан жігітінің мүшесін кесіп тастады. Түнде 34 жастағы ер адам ауыр халде ауруханаға жеткізілді. Әйелдің сөзінше, жедел жәрдемді өзі шақырған. Кейін анықталғандай, әйел жігітінің оған жасаған опасыздығын біліп қойған. Сөйтіп ұйықтататын дәрі беріп, өз әрекетін жасаған. Ер адам ауруханаға кеш жеткізілді. Өмірін сақтап қала алдық, алайда енді ол еркек ретінде өмір сүре алмайды. Бұл шын болған оқиға», - деп жазды ол.

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар