Қоғам

Прокурор әкесін ұрған азаматқа шыққан үкім тың жеңіл деген уәж айтып, істі қайта қарауды сұрады

Жетісай аудандық соты әкесін ұрып өлтірді деп айыпталған адамға 5 жыл түрме жазасын берген еді.

Түркістан облысында Жетісай аудандық сотының 2026 жылғы 16 қаңтардағы үкімімен әкесін жүйелі түрде ұрып-соғып келген ер адам 5 жылға бас бостандығынан айырылды.

Сот үкімімен келіспеген Шардара ауданының прокуратурасы жазаны қатаңдату туралы өтінішхатпен апелляциялық наразылық келтірді.

Наразылық заңда белгіленген мерзімдерде сотта қаралатын болады.