Саясат

Белгілі заңгер Қазақстанда дінді саясиландыру қатерін жоюды ұсынды

Қазақстан заңгерлері одағы дінді мемлекеттен Конституцияда бөліп көрсетуге ұсыныс білдірді.

Елордада өтіп жатқан комиссияның алғашқы отырысында Қазақстан заңгерлері одағының төрағасы Серік Ақылбай Конституцияда дінді мемлекеттен бөлу нормасын нақтылап көрсету қажеттігін алға тартты.

Серік Ақылбайдың айтуынша, қазіргі таңда елдің негізгі заңында зайырлылық қағидасы бекітілгенімен, ол жеткілікті деңгейде нақты тұжырымдалмаған. Бұл өз кезегінде оның әртүрлі түсіндірілуіне жол береді.

Дінді мемлекеттен бөлу діни бірлестіктердің жария билік қызметіне араласу шекарасын және керісінше, мемлекеттің діни салаға қатысуының шегін айқындайды, – деді Серік Ақылбай.

Сондай-ақ оның пайымдауынша, мұндай норма ар-ождан бостандығын шектемейді, керісінше, соның құқықтық кепілі болып саналады.