Қоғам

«Қар жауып, көктайғаққа ұласады»: ауа райына байланысты кейбір өңірлерде ескерту жарияланды

Елімізде 26 қаңтар қар жауып, көктайғаққа ұласады.

Синоптиктер 26 қаңтарға арналған ауа райы болжамын жасап, ескерту жариялады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.

"Қазгидромет" мәліметінше, Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында көктайғақ, күндіз көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында тұман түсуі мүмкін. Ақтауда көктайғақ күтіледі.

Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында қар, жаяу бұрқасын, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында тұман. Жезқазғанда кей уақыттарда тұман болуы ықтимал.

Алматы облысының солтүстігінде, оңтүстігінде кей уақыттарда тұман, жолдарда көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-шығыс бағытқа ауысады. Қонаевта түнде және таңертең тұман, жолдарда көктайғақ болады деп болжанады.

Алматыда түнде және таңертең тұман, жолдарда көктайғақ күтіледі.

Ақтөбе облысының оңтүстігінде, шығысында, орталығында қар, жаяу бұрқасын күтіледі.

Ақмола облысының оңтүстігінде, шығысында қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.

Жамбыл облысының солтүстігінде, батысында, шығысында, таулы аудандарында қар, жаяу бұрқасын болуы ықтимал. Кей уақыттарда тұман, көктайғақ күтіледі. Таразда кей уақыттарда тұман, жолдарда көктайғақ күтіледі.

Атырау облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында қар, жаяу бұрқасын болады деп болжанып отыр.

Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарныда тұман. Түркістанда кей уақыттарда тұман, көктайғақ күтіледі.

Шымкентте кей уақыттарда тұман, көктайғақ күтіледі.

Қызылорда облысының батысында, солтүстігінде, орталығында көктайғақ күтіледі. Облыстың орталығында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі. Қызылордада кей уақытта тұман, күндіз көктайғақ күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында қар, бұрқасын, күндіз қар, бұрқасын күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі.

Абай облысында қар, бұрқасын күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.

Жетісу облысында түнде солтүстігінде, шығысында, орталығында, таулы аудандарында қар, күндіз облыстың шығысында, таулы аудандарында қар күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында, таулы аудандарында кей уақыттарда тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Талдықорғанда түнде кей уақыттарда тұман, көктайғақ күтіледі.

Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде аздаған қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында тұман болады. Оралда түнде және таңертең тұман күтіледі.

Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман түсуі мүмкін.

Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында қар, бұрқасын соғады. Облыстың солтүстігінде тұман күтіледі. Павлодарда қар, бұрқасын, тұман күтіледі.