Маңғыстау облысында қар еріп, тұрғын үйлерді су басып қалды
Мұнайлы ауданында тұрғын үйлерді су басты.
Маңғыстау облысының Мұнайлы ауданында қардың күрт еруі салдарынан тұрғын үйлер мен аула аумақтарын су басты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Мұнайлы ауданы әкімдігінің мәліметінше, 2026 жылдың басынан бері су басуға байланысты 100 өтініш тіркелген. Оның ішінде кейбір өтініштер бірнеше рет қайталанған.
“Көп жағдайда тұрғын үйлер мен аулалар маңында су уақытша жиналып қалады, алайда баспаналарға айдарлықтай зиян келмеген”, – дейді шенеуніктер.
25 қаңтардағы жағдай бойынша Қызғалдақ көшесінде орналасқан алты тұрғын үйді су басқаны анықталды. Сондай-ақ ауылдық округ аумағындағы 75 тұрғын үйдің ауласында су жиналған.
Әкімдік су басқан аумақтарда суды сорып шығару жұмыстары жүргізіліп жатқанын мәлімдеді. Қазіргі таңда коммуналдық қызметтер арнайы сорғы қондырғыларын іске қосып, дренаж жүйелері арқылы суды әкету жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Жергілікті билік өкілдерінің айтуынша, ахуал толық бақылауда.